Фильмы
Расписание
О фестивале
Контакты
2021 жылғы тамыз айының соңында Qara Film Festival – AÝT Central Asia 2021 аясында онлайн өтетін алғашқы питчингке өтінім қабылдау басталғанын қуана хабарлаймыз.

Іріктеудің негізгі талаптары:
Дайындық (development) немесе өндіріс (production) кезеңіндегі жобалар қарастырылады. Питчингке Орта Азия мемлекеттері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстанның өкілдері қатыса алады.
Ағылшын тілін меңгеру құба-құп, бірақ міндеттелмейді.
Өтінімдер 2021 жылдың 8 шілдесінен бастап
2021 жылдың 22 шілдесіне дейін қабылданады.
Назар аударыңыз: мейлінше ертерек өтінім беруге кеңес береміз – бірінші дедлайннан кейін 10 үздік жұмыс таңдалып қойса, іріктеу кезеңі тоқтайды.

Питчингтің екінші тренері – режиссер әрі сценарист Татьяна Соболева, ол халықаралық кинофестивальдерде жүлделі орын алған жиырмадан астам деректі фильмнің авторы. Халықаралық питчингтерге қатысуда тәжірибесі мол. Осыған байланысты Татьяна әлемдік аудиторияға деректі фильмді ұтымды ұсынудың құпиясымен бөліседі, аталмыш тақырып төңірегінде воркшоп өткізеді.

AÝT Central Asia 2021 – бұл өз киножобаңды ұсынып, деректі фильмдердің халықаралық майталмандарымен құнды тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік.
Питчинг жеңімпаздарына қомақты сыйлық қарастырылған:
Internews халықаралық үкіметтік емес ұйымының өкілі таңдаған үздік жұмыстың авторына 1000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйлық табысталады. Орталық Азиядағы Internews өкілдігі бөлетін қаржылай жүлде автордың өз жобасын әрі қарай дамытуына бағытталады.

«Артдокфест» халықаралық деректі кинофестивалінің президенті, режиссер-документалист Виталий Манский таңдаған үздік жобаның авторы биылғы жылдың қыркүйегінде өтетін Artdocfest/Riga питчингіне қатысуға мүмкіндік алады, сондай-ақ, биыл желтоқсан айында Мәскеуде өтетін «Артдокфест» фестиваліне сапар (тревел-грант) шегеді.

DOK Leipzig халықаралық кинофестивалінің өкілі Улрике Шмит таңдаған үздік жобаның авторы биыл 25 мен 31 қазан аралығында Германияда өтетін DOK Leipzig өндірісінің жиынына қатысу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ халықаралық ко-продукция өндіруге бағытталған еуропадағы DOK Co-Pro ірі кинонарығына қатыса алады.
ПИТЧИНГ СЕРІКТЕСТЕР
Фильмы
Расписание
О фестивале