2021 жылдың 27 тамызында Qara Film Festival – AYT Central Asia 2021 аясында тұңғыш рет онлайн форматта питчинг өтетінін қуана хабарлаймыз. Питчингке дайындық (development) немесе өндіріс (production) кезеңіндегі авторлық жобаларымен Орта Азия мемлекеттері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстанның өкілдері қатысады
питчингке қатысушылар
Жазда қаланың көпқабатты тұрғын үйлерінің ауласында таңертең арба толы дүмбіл сатып бір жігіт жүреді. Фильмнің кейіпкері – Қайрат есімді жігіт. Жасы 29-да. Тағдыр оны балалар үйінен жындыханаға дейін жолды жүріп өткізді. Өзі оқи да алмайды. Алайда өмір оған дүмбіл сату мен ақша санауды үйретті. Табысқа жетуге болады екен. Тек сенім мен табандылық керек.
Өзеннің де өз тіршілігі бар. Қар басқан Алатаудың ұшар басынан бастау алған су Қапшағайдың құмдауыт жеріне дейін оның арнасын бойлай жетеді. Бұған дейін айналасында болып жатқан өмір өткелдеріне селқос болып келген Өзен бірде түсінде өзін адам екендей сезінеді.

Бұл көркем фильм Алматы облысының аумағындағы ұзындығы жүз отыз шақырымға созылған бір Өзеннің тіршілік жолы туралы баяндайды. Көрермен өзеннің жағалауында болып жатқан үлкенді-кішілі оқиғаларға өзеннің «көзімен» қарап көрмек.
Фильм зорланған әйелдер туралы. Олар қазақстандық қоғамда зорлықтың құрбандарына көрсетілетін қысыммен күреседі. Кейіпкерлерден алынған сұхбаттан біз олар салын суға кетірмей, өзіне мықты болуға не көмектесетінін білеміз. Сонымен қатар жер дүние оларға қарсы болса да өз құқықтары үшін қалай күресіп келе жатқанын білеміз. Олар сынға ұшыраймыз деп қорықпайды. Олар намысы аяққа тапталса да адамдардың санасына сәуле түсіруге тырысып бағады.
Жасы егде тартқан әйел немересі екеуі Қазақстаннан Польшаға жол тартады. Олар 1944 жылы қаза тапқан әкесінің бейітіне бармақшы. Жастары әртүрлі болғанмен екеуінің мақсаты бір. Екеуі де пандемия кезінде өзінің кім екенін, айналасындағылар кімдер, жалпы түп-тамыры қайдан бастау алатынын іздеу үстінде.
Ыстық көлдің түбіндегі қоқысты тазалау үшін жыл сайын дайвер-еріктілер экспедиция ұйымдастырады. Олар үнемі қаржы тапшылығын бастан кешеді, жергілікті билік өкілдері оларға қолдау көрсетуге аса құлшыныс танытпайды, пансионат иелері же жақтырмайды. Дегенмен туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілік оларды алған бетінен қайтпауға итермелейді. Олар болашақ ұрпақ Ыстық көлдің түбіне қоқыс жинау үшін емес, ғылыми, спорттық мақсатпен сүңгігенін қалайды.
MÄTIL – қазақша "mátin" және "til" деген сөздерден құралған. Бұл фильм қала мен далада, Қазақстанның сан алуан саласында, саясат пен өнердегі тілдің сегрегацияға ұшырауын зерттеуге негізделген.
Адамда әдетте 46 хромосом болса, Алмазда оның саны 47. Ол – әке-шешесінің сүйікті ұлы, адал дос, «Действие буквально» атты инклюзив театр жобасының актері.
Ол күнде ешкімге ұқсауға міндетті емес екенін дәлелдейді. Ол әркім бойындағы талантын көрсетуге хақы бар екенін, әркім жанына жақын іспен айналыса алатынын көрсетумен келеді.
Қырғызстанда қызды алып қашу, оны еркінен тыс тұрмысқа шығуға мәжбүрлеу - кең етек алған құбылыс. 2021 жылдың сәуірінде Айзада Қанатбекованы алып қашып кетіп, кейіннен оның жансыз денесі табылады.Бұл оқиғадан кейін қырғыз қоғамы дүр сілкінді. Ұмыт бола бастаған 2018 жылы еркінен тыс тұрмысқа алып қашып, кейіннен өлген Бұрұлай Тұрдалиеваны да қайта еске алады. Айзада мен Бұрұлайдың істерін қарау барысында фильм авторлары Қырғыз еліндегі алып қашу проблемасын көтеруге тарысқан. Бұл зерттеу жанрында түсірілген деректі фильм.
Питчингтің екінші тренері – режиссер әрі сценарист Татьяна Соболева, ол халықаралық кинофестивальдерде жүлделі орын алған жиырмадан астам деректі фильмнің авторы. Халықаралық питчингтерге қатысуда тәжірибесі мол. Осыған байланысты Татьяна әлемдік аудиторияға деректі фильмді ұтымды ұсынудың құпиясымен бөліседі, аталмыш тақырып төңірегінде воркшоп өткізеді.

AÝT Central Asia 2021 – бұл өз киножобаңды ұсынып, деректі фильмдердің халықаралық майталмандарымен құнды тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік.
Питчинг жеңімпаздарына қомақты сыйлық қарастырылған:
Internews халықаралық үкіметтік емес ұйымының өкілі таңдаған үздік жұмыстың авторына 1000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйлық табысталады. Орталық Азиядағы Internews өкілдігі бөлетін қаржылай жүлде автордың өз жобасын әрі қарай дамытуына бағытталады.

«Артдокфест» халықаралық деректі кинофестивалінің президенті, режиссер-документалист Виталий Манский таңдаған үздік жобаның авторы биылғы жылдың қыркүйегінде өтетін Artdocfest/Riga питчингіне қатысуға мүмкіндік алады, сондай-ақ, биыл желтоқсан айында Мәскеуде өтетін «Артдокфест» фестиваліне сапар (тревел-грант) шегеді.

DOK Leipzig халықаралық кинофестивалінің өкілі Улрике Шмит таңдаған үздік жобаның авторы биыл 25 мен 31 қазан аралығында Германияда өтетін DOK Leipzig өндірісінің жиынына қатысу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ халықаралық ко-продукция өндіруге бағытталған еуропадағы DOK Co-Pro ірі кинонарығына қатыса алады.
ПИТЧИНГТІҢ СЕРІКТЕСТЕРІ