өтінімді толтыру
KZ
Қымбатты достар,
қиын-қыстау кезеңде жарқын жобалардың маңызы зор. Сондықтан сіздерге жаңа бастамамызбен — Festival dostary мәдени-білім беру жобасымен оралып отырмыз. Бұл жолы кинокөрсетілім ұйымдастыруды айналада болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтын, ізденімпаз жастардың өзіне ұсынамыз.

Сіздерге кинофестиваль ұйымдастыруды үйретіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен суырылып шыққан он азаматқа QaraFest фестивалінің фильмдерін көрсетуге мүмкіндік береміз.
Жобаға кімдер қатыса алады?
17-24 жас аралығындағы жақсы фильмдерді көпшілікке көрсетуге дайын немесе жастармен жұмыс істеп жүрген кез келген жастағы адамдарды іздейміз.

Festival dostary жобасына қатысып, онлайн тренингтен өтіп, өз қалаңызда кинокөрсетілім ұйымдастырғыңыз келсе, 28 қазанға дейін өтінім формасын толтырыңыз.

Деректі фильмнің күшімен Қазақстанның әртүрлі аймағында тұратын адамдар қауіпсіз ортаға жиналып, фильмдерді талқылап, өз сұрақтарына жауап табады деп үміттенеміз.

Өтінімдеріңізді күтеміз!

Qara Film Festival командасы
өтінімді толтыру
Жоба Goethe-Institut Stabilisation Fund for Culture and Education қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
фильмдер