ФИЛЬМДЕР 2020

make love and art, not war
Qara Film Festival: online edition
көрерменді көруге, сезінуге, саралауға, шындықты іздеуге, жаңа дүниелермен танысуға шақыратын кинофестиваль
8
жарқын әрі
шынайы
хикая
Бірнеше жыл бойы жауынгерлік іс-қимылдар жүргізіліп келе жатқан жерде шығармашылық пен армандарды орындауға орын бар ма?
Бенедетта Барзини, 1960-жылдардағы топ-модель, 70-жылдардағы радикалды феминист, фотожарықтар мен камералардың объективтерінен қатты шаршаған. Қазір ол 75 жаста, және оның ойы - ғайып болу.
«Кіші өлім» әйел оргазмының портреті: әртүрлі жастағы әйелдер сексуалды қалаулары туралы өз тәжірибесімен бөліседі.
Жабайы аралардың балын жинаумен айналысатын Еуропадағы соңғы әйелдердің өмірі.
Сіз кинокейіпкерлердің тұтқынында тұрасыз деп ойлап көрдіңіз бе? Ойламағаныңыз бекер...
Нью-Йорк полициясы департаментінің атағы мен абыройының артында олардың жаман жағы жасырылған.
Кристиан мен Сидсельдің таныс болғанына он жыл болыпты, оның алты жылын бірге өткізіп келеді, ал енді үйленетін уақыт та келді.
Мэриленд маңындағы жаз, АҚШ. Ағайынды Питер мен Мэтью демалыс уақытын үйде өткізеді.
Апельсин сияқты көгілдір жер
Украина, Литва, 2020
Режиссері
Ирина Цилык
Ұзақтығы
70 минут
Жылы
2020
Елдер
Украина, Литва
Тілдер
Орыс, украин
Бірнеше жыл бойы жауынгерлік іс-қимылдар жүргізіліп келе жатқан жерде шығармашылық пен армандарды орындауға орын бар ма?

Донбасстың қызыл аймағында тұрып, Анна мен оның төрт баласы өмір мен өнерге деген қызығушылықты сақтайды. Аннаның, үлкен қызы Мирослава киновузға түсіп, оператор болуды армандайды. Режиссер Ирина Цилык, ананың, бауырлардың және апалы-сіңлілердің Мирославаға қолдау көрсетіп, оның қоршаған болмысы туралы фильмін түсіруге көмектеседі. Сол себепті отбасы, соғыс жағдайында өмір сүру жарақатын шығармашылықпен көрсетеді.
2020 жылдың қаңтар айында украин режиссерінің дебюттік жұмысы деректі фильмнің үздік режиссері үшін Sundance кинофестивалінің марапатына ие болды. Сыйлықты ала отырып, Ирина өз фильмімен көрермендерді "соғыспен емес, махаббат пен өнермен айналысуға" итермелейді деп үміттенетінін атап өтті.
Көрсету 6/08/20, 19:00*
ашу фильмі
Анамның жоғалуы
Италия, 2019
Режиссері
Беньямино Баррезе
Ұзақтығы
90 минут
Жылы
2019
Елі
Италия
Тілдер
Итальян, ағылшын
Бенедетта Барзини, 1960-жылдардағы топ-модель, 70-жылдардағы радикалды феминист, фотожарықтар мен камералардың объективтерінен қатты шаршаған. Қазір ол 75 жаста, және оның ойы - ғайып болу.

Бенедеттаның ұлы – бейнелер әлеміне ғашық болған режиссер. Анасының барлық қарсылығына қарамастан ол оның бейнесін түсіріп алғысы келеді. Камера жанында жақын жандардың арасында өте әсерлі жанжал туындайды. Бірақ бұл екі жанға бір-бірін түсіну өте маңызды.
Көрсету 7/08/20, 17:30*
Романтикалық комедия
Ұлыбритания, 2019
Режиссері
Элизабет Сэнки
Ұзақтығы
78 минут
Жылы
2019
Елі
Ұлыбритания
Тілі
Ағылшын
Сіз кинокейіпкерлердің тұтқынында тұрасыз деп ойлап көрдіңіз бе? Ойламағаныңыз бекер... Режиссер Элизабет Сэнки романтикалық комедиялардың өткен шағын, осы шағын және болашағын зерттейді. Оның басты назарында барлық сүйікті ромкомдар: "Жаздың 500 күнінен" бастап (2009) және "Бриджит Джонстың күнделігі" (2001) "Джазда тек қыздар ғана" филміне дейін (1959) және "Тиффанимен таңғы ас" (1961).

Фильм экрандағы кейіпкерлердің тарихы көрермендердің шынайы өміріне қалай еніп кетенін, қарым- қатынастың қалай дамуы керектігі туралы махаббат пен үміттер туралы түсініктерін қалыптастыра отырып зерттейді.
Көрсету 7/08/20, 19:30*
Ақымақ болма!
АҚШ, 2017
Режиссері
Бен Муллинкоссон
Ұзақтығы
69 минут
Жылы
2017
Елі
АҚШ
Тілі
Ағылшын
Мэриленд маңындағы жаз, АҚШ. Ағайынды Питер мен Мэтью демалыс уақытын үйде өткізеді. Питер «Аман қалған» атты шоуға қатты қызығады, ол әр кеш сайын шоудың сахнасын ойната бастайды, ал шоу кейіпкерлдері оның отбасы мүшелері. Ал Мэтью иттерге деген қорқынышын жеңу үшін күн сайын иттер саябағында серуендеп жүреді.

Барлық жасөспірімдер секілді олар да бір-бірінің мазасын алып махаббаттарын білдіреді.
Көрсету 8/08/20, 16:00*
Бал мекені
Македония, 2019
Режиссерлер
Тамара Котевска,
Любомир Стефанов
Ұзақтығы
85 минут
Жылы
2019
Елі
Македония
Тілдер
Түрік, македон, серб-хорват, босния
Жабайы аралардың балын жинаумен айналысатын Еуропадағы соңғы әйелдердің өмірі. Хатидзе Македонияның тыныш тереңдігінде тұрады және қарт анасына қамқорлық жасайды. Ол өз ісін жақсы көреді, және оған анасымен аман қалуға көмектесетін тіршілік иелерінің өмірлеріне зақым келтірмеу маңызды: "Балдың жартысы бізге, жартысы сізге".

Жергілікті үйлесім жаңа көршілер – көшпенді Отбасылардың пайда болуымен бұзылады. Олар да бал жинай бастайды, бірақ олардың өзіндік ережелері бар. Табиғат бұл шабуылға қалай жауап береді екен?
Көрсету 8/08/20, 17:30*
Кіші өлім
Швейцария, 2018
Режиссері
Анни Гислер
Ұзақтығы
58 минут
Жылы
2018
Елі
Швейцария
Тілдері
Француз, ағылшын
«Кіші өлім» әйел оргазмының портреті: әртүрлі жастағы әйелдер сексуалды қалаулары туралы өз тәжірибесімен бөліседі. Біз өзіміз үшін жыныстық қатынасқа жаңа көзқарасты аша отырып оларды тереңірек біле бастаймыз.

Әйелдер оргазмы көрермендерге порно фильмдер мен эротикалық фильмдердегідей емес, керісінше ерекше ракурстан ұсынылатын болады. Фильм әйелдерге жүктелген тәндік және сексуалдық табуды бұзатын болады. Бұл әйелдер мен ерлерге арналған әйелдер арасындағы диалог.
Көрсету 8/08/20, 20:00*
Үйленгендер
Дания, 2019
Режиссері
Эмиль Лангабелле
Ұзақтығы
77 минут
Жылы
2019
Елі
Дания
Тілі
Дат
Кристиан мен Сидсельдің таныс болғанына он жыл болыпты, оның алты жылын бірге өткізіп келеді, ал енді үйленетін уақыт та келді. Кристен-өз ісін, әйелі мен үйін ұнататын қарапайым фермер, ал ақындыққа жақын Сидсель әлгі романтиктердің бірі. Ол өз ханзадасын тапқанына сенімді.

Оларға махаббаттың қызғаныш күш-қуатына қарамастан, кейде бір- бірімен маңызды сәттерді түсінісіп отыруға тура келеді. Біз балаларды қалаймыз ба? Бізге тұрып жатқан жеріміз ұнай ма? Кристиан және Сидсель әр жұпта болатын сұрақтарға жауап таба алады.
Көрсету 9/08/20, 16:00*
Қылмыс + жаза
АҚШ, 2018
Режиссері
Стивен Маинг
Ұзақтығы
112 минут
Жылы
2018
Елі
АҚШ
Тілі
Ағылшын
Нью-Йорк полициясы департаментінің атағы мен абыройының артында олардың жаман жағы жасырылған.

Жүйе полицейлерге айына белгілі бір адамдарды қамауға алуды міндеттейді. Басшылықтың қысымымен көптеген офицерлер жазықсыз, көбінесе қара нәсілді адамдарды заңсыз қамауға алады . Бірақ он екі батыл полицей бірігіп, мансабы мен қауіпсіздігіне тәуекел ете отырып, өз тергеуін бастайды. Олар өз полиция департаментін сотқа береді.
Көрсету 9/08/20, 17:30*
* - Алматы уақыты бойынша, gmt +6