Qara Film Festival
Фестиваль көрерменін бүкіл әлем авторларының деректі фильмдерімен таныстырып, Орталық Азиядағы деректі фильм авторларын қолдауға арналған бастамалар ұйымдастырады.

QaraFest көпшілік қауымға деректі киноны насихаттайды, көрерменге шынайы хикаялар көрсетіп, ескі тұжырымдарға күмәнмен қарауға, құнды ой түюге шақырады.

Фестивальдің үшінші шығарылымы 2023 жылдың жазында Алматыдағы ARTiShock театрының кеңістігінде өтті. Швеция, Нидерланды, Армения, Украина, Польша, Франция, Қырғызстан, Мажарстан, Үндістан, Тәжікстан, Дания, Германия және Финляндия елдерінің 11 көркем фильмін көрсеттік. Негізгі бағдарламадан бөлек, фестиваль тарихында алғаш рет қазақстандық 8 деректі фильмнің басын қосқан «Бiз» қысқаметражды фильмдер байқауын өткіздік. Байқаудың бас жүлдесі 1000 еуроны Ратмир Назировтың «Қызғылт шағалалар» фильмі алды! Ал Ядықар Ибраимов пен Джек Вольфтың «Дина» фильмі қазылар алқасының ерекше бағасына ие болды - Special mention!

Бізбен бірге деректі кино ғажабына бөленіп, фестиваль бойы туған-туыс, дос-жараныңызды ертіп келіп, экрандаға оқиғаларды бірге көріп, бір жылап, бір күліп, ойыңызды білдіріп жүргеніңізге рақмет! Қазақстандық авторлардың қысқа метрін жылы қарсы алып, залды толтырып жиналғаныңыз үшін рақмет!

Сіздермен бір күні тағы да кездесіп, жақсы деректі кино көреміз деп үміттенеміз. Қайта жүздескенше, достар!
2020 жылы Қазақстанда құрылған тәуелсіз деректі фильм фестивалі