ФЕСТИВАЛЬ ФИЛЬМДЕРІ
2023
Аполлония, Аполлония
Даниялық режиссер Леа Глоб француз суретшісі Апполониямен танысқанда 13 жыл бойы ол туралы деректі фильм түсіретінін білмеген.
Bon Voyage
Бұл өзін-өзі жариялаған, әлем елдері мойындамаған Арцах Республикасы (Таулы Қарабақ) Степанакерт қаласындағы жалғыз әуежай туралы фильм.
Отпен жазу
Көрерменге шабыт сыйлайтын фильмде Үндістандағы әйелдер басқаратын жалғыз газеттің хикаясы баяндалады.
Біз сөнбейміз
Картинаның бас кейіпкерлері – Донбастағы қираған ғимараттар, мина көмілген аумақ пен бомбадан қорғайтын жертөлелерде өскен бес жасөспірім.
Жоғалған шақтың ырғағы
Тәжікстанның шалғай, таулы өңірлерінде жергілікті халық үшін дәстүрлі музыка мен бидің маңызы зор.
Шабу
Шабу — бәрімен жақсы тіл табысатын, тамаша жасөспірім. 14 жаста болса да, барабанда ойнайды, ән жазады, танымал музыкант болуды армандайды, өзін нағыз жұлдыз сезінеді.
уаханның Тұтқыны
Қырғызстан үкіметі Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Вахан дәлізі аумағында көшіп жүрген этникалық қырғыздарға гуманитарлық көмек ұсынады.
Дивалар
Таныс болыңдар, арулар! Сани, Тина мен Эмесе — Будапештте тұратын, жиырмаға жаңа толған, ашық әрі жарқын қыздар.
Жаңқадан салған үй
«Оскар» сыйлығына үміткер болған жүректі қозғайтын қайғылы картина соғыс басталмай тұрып, Украинаның шығысындағы балалар үйінде түсірілген.
Нелли мен Надин
Нелли мен Надин 1944 жылы Рождество қарсаңында Равенсбрюк концлагерінің барагында танысқан. Олар соғыс пен лагерь азабын көріп, жақындарынан айырылып, бәрінен жырақта жаңа өмір бастайды.
Побег
«Побег» босқындардың басынан өтетін үйін жоғалту, өзін іздеу сияқты қиындықтарды көрсетеді. Анимация көмегімен жасалған деректі картина қиын хикаяны анонимді баяндаудың жаңа, ерекше әдісін ұсынады.
Аполлония, Аполлония
Режиссёрі: Леа Глоб
Елдер: Дания, Польша, Франция
Тілдер: польский, французский, датский
Жылы: 2022
Ұзақтығы: 116 минут
"Аполлония, Аполлония" - өнер әлемінен өз орнын іздеп жүрген жас суретшінің портреті. Ол көп сұрағына жауап іздеп, шығармашылығымен, денесімен, әлеммен арпалысып, өзін табуға, жоғалтып алмауға тырысады.

Даниялық режиссер Леа Глоб француз суретшісі Апполониямен танысқанда 13 жыл бойы ол туралы деректі фильм түсіретінін білмеген. Осы терең әрі күрделі туындыны түсіріп, жарыққа шығаруға сонша жыл уақыт кеткен. "Аполлония, Аполлония" фильмі әлемдік фестивальдерде көрермен ықыласына бөленіп, IDFA халықаралық деректі фильмдер фестивалінде үздік фильм атанды.
Bon Voyage
Режиссёрі: Гарегин Папоян
Елі: Армения
Тілі: армянский
Жылы: 2021
Ұзақтығы: 69 минут
Бұл өзін-өзі жариялаған, әлем елдері мойындамаған Арцах Республикасы (Таулы Қарабақ) Степанакерт қаласындағы жалғыз әуежай туралы фильм.

Бір қарағанда шағын, азаматтық рейстерді қабылдауға барлық жағдайы жасалған, реконструкциядан өткен әуежай. Бірақ бұл нысан басты міндетін орындап, ұшақтар мен жолаушылар қабылдамайды. Арцах Республикасы мойындалмағандықтан, Степанакерт әуежайы Бірінші Қарабақ соғысынан кейін сол күйі ашылмаған. Режиссёр көрерменді деректі-қойылым форматы арқылы ұйқыда жатқан әуежайдың тыныс-тіршілігімен таныстырады: диспетчерлер ауа-райын тексереді, хатшы кофе дайындайды, қызметкерлердің бірі медициналық тексерістен өтеді, басқалары еден жуады. Олар әуежайдың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге атсалысып жүріп, бір үйдің баласындай болып кетеді.
Отпен жазу
Режиссёрлер: Ринту Томас и Сушмит Гош
Елі: Индия
Тілі: хинди
Жылы: 2021
Ұзақтығы: 92 минут
Көрерменге шабыт сыйлайтын фильмде Үндістандағы әйелдер басқаратын жалғыз газеттің хикаясы баяндалады. Батыл әйелдер тобы Үндістандағы ең төменгі далит кастасынан шыққанына қарамастан, патриархалды қоғамда шыншыл медиа құрады. Қоғам сыны мен қоқан-лоқысына тап болса да, жұмысын жалғастырып, Үндістанның шалғай аудандарындағы зорлық-зомбылық, журналистерді өлтіру, жөндеу көрмеген жолдар, жарық, су мен дәретханасыз отырған елдімекендер туралы жазады.

Бұл - Үндістаннан "Ең үздік деректі фильм" номинациясында Оскар сыйлығын жеңіп алған алғашқы картина.
Біз сөнбейміз
Режиссёрі: Алиса Коваленко
Елдер: Украина, Польша, Франция
Тілдер: английский, украинский, русский
Жылы: 2023
Ұзақтығы: 100 минут
Картинаның бас кейіпкерлері – Донбастағы қираған ғимараттар, мина көмілген аумақ пен бомбадан қорғайтын жертөлелерде өскен бес жасөспірім. Олар шетелге оқуға барып, музыка жазып, жаңа дүниелер ойлап тауып, әлемді зерттегісі келеді. Бірақ қақтығыс аймағындағы өмір олардың бүкіл жоспарын күл-талқан етеді. Сондықтан Гималаиға экспедицияға бару мүмкіндігі туғанда, олар аз уақытқа болсын қорқынышты өмірден қашып кетуге тырысады.

Кейіпкерлер экспедицияға дайындалып, жаттығып, жоспар құрып, арманға беріледі. Деректі картина қараңғылықта өсіп жатса да, айналадан сұлулық көру қабілетін жоғалтпаған жастардың портретін әдемі бейнелейді.
Жоғалған шақтың ырғағы
Режиссёрі: Аниса Сабири
Елі: Таджикистан
Тілдер: таджикский, английский
Жылы: 2021
Ұзақтығы: 45 минут
Тәжікстанның шалғай, таулы өңірлерінде жергілікті халық үшін дәстүрлі музыка мен бидің маңызы зор. Бұл өңірде туған адамды шырылдап дүние есігін ашқаннан соңғы демі үзілгенше осы өнер сүйемелдейді. Бүгінде жаһандану, дін, саяси режим сияқты факторлар әсерінен бұл дәстүр жойылып кетудің алдында тұр.

Фильм режиссері Аниса Сабири ежелгі маддо музыкасын зерттеп жүрген британдық музыкантпен бірге ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай сақталған дәстүрді өз көзімен көруге барады. Осы саяхат нәтижесінде дәстүрлі мәдениетті сақтап қалуға үлес қосқан тамаша деректі фильм шықты.
Шабу
Режиссёрі: Шамира Рафаэла
Елдер: Нидерланды, Бельгия
Тілі: нидерландский
Жылы: 2021
Ұзақтығы: 75 минут
Жақында әдемі киіммен жеке ұшақта ұшамыз!

Шабу — бәрімен жақсы тіл табысатын, тамаша жасөспірім. 14 жаста болса да, барабанда ойнайды, ән жазады, танымал музыкант болуды армандайды, өзін нағыз жұлдыз сезінеді. Жазғы демалысын видеоойындар мен музыкаға арнағысы келеді. Бірақ әжесінің көлігін соғып алып, отбасының көңілін қалдырғаннан кейін жазға құрған бүкіл жоспарының күл-талқаны шығады. Енді Шабуға өз кінәсін жуып-шайып, көлік жөндеу шығынын өтеудің жолын табу керек.

Осы бір әдемі түсірілген картина халықаралық IDFA деректі кино фестивалінде "Ең үздік жастар фильмі" номинациясында жеңіске жетті.
Уахан тұтқыны
Режиссёрі: Жаныл Жусупжан
Елдер: Кыргызстан, Франция
Тілдер: кыргызский, русский
Жылы: 2023
Ұзақтығы: 110 минут
Қырғызстан үкіметі Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Вахан дәлізі аумағында көшіп жүрген этникалық қырғыздарға гуманитарлық көмек ұсынады. Жылдар бойы осы өңірді мекендеген тұрғындар таудағы үйлерін тастап, жаңа өмір бастауға бекінеді. Отбасымен Қырғызстанға көшу мүмкіндігіне ие болғандардың қатарында Нұрылхак та бар.

Мемлекеттік қолдау, тегін білім мен баспанаға қарамастан, этникалық қырғыздарға жаңа өмір салтына үйрену қиынға соғады. Жергілікті тұрғындар мен Ауғанстаннан көшіп келген қырғыздардың көп нәрсеге көзқарасы мен өмір тәжірибесі арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Фильм кейіпкері қалада өзін табиғат аясында - тауда жүргендей еркін сезіне алмайды.
Дивалар
Режиссёрі: Мате Кёрёши
Елі: Венгрия
Тілі: венгерский
Жылы: 2021
Ұзақтығы: 80 минут
Таныс болыңдар, арулар! Сани, Тина мен Эмесе — Будапештте тұратын, жиырмаға жаңа толған, ашық әрі жарқын қыздар. Режиссёр олармен арнайы орта мектепте танысады. Қыздардың сабақ үлгерімі нашар болып, оларға оқу бітіруге соңғы мүмкіндік беріледі. Режиссер қыздардың образына сүйсініп, алғашқы деректі фильмін соларға арнайды. Қол камерасы, кадр сыртындағы дауыс пен қарапайым анимациядан көрермен назарын ұстап отыратын тамаша фильм шыққан.
Жаңқадан салған үй
Режиссёрі: Саймон Леренг Вильмонт
Елдер: Украина, Дания, Швеция, Германия, Финляндия
Тілдер: русский, украинский
Жылы: 2022
Ұзақтығы: 87 минут
«Оскар» сыйлығына үміткер болған жүректі қозғайтын қайғылы картина соғыс басталмай тұрып, Украинаның шығысындағы балалар үйінде түсірілген. Балалар кедейлік, алкоголизм не зорлық себебінен ата-анасынан ажырап, сот тағдырын шешкенше, уақытша осы жерге түседі. Ата-анасы қайтып келмесе, балаларды асырап алуға береді немесе жетімдер үйіне жібереді.

Үйге оралатын сәтін асыға күтіп жүрген балалар уайымдап, мұңайып, ашуланып, еркелеп, ойнайды. Барлық балалар сияқты. Балалардың хикаялары ауыр болғанымен, бұл мекеме мұңнан ғана тұрмайды. Онда да махаббат пен мейірімге орын бар. Әлеуметтік қызметкерлер балаларға қолынан келгенше қамқор болуға тырысады.
Нелли мен Надин
Режиссёрі: Магнус Герттен
Елдер: Швеция, Бельгия, Норвегия
Тілдер: шведский, французский, испанский, английский
Жылы: 2022
Ұзақтығы: 92 минут
Нелли мен Надин 1944 жылы Рождество қарсаңында Равенсбрюк концлагерінің барагында танысқан. Олар соғыс пен лагерь азабын көріп, жақындарынан айырылып, бәрінен жырақта жаңа өмір бастайды. Бұл хикая жылдар бойы құпия болып келген. Ондаған жылдан кейін Нелли Сильвияның немересі қиын шешім қабылдап, әжесінің жеке мұрағатын жариялауға бел буады. Мұрағаттағы күнделік, хаттар мен суреттер «холокосттан» тірі қалған екі адамның махаббатынан сыр шертеді.
Побег
Режиссёрі: Йонас Похер Расмуссен
Елдер: Дания, Франция, Норвегия, Швеция, Нидерланды, Великобритания, Финляндия, Италия, Испания, Эстония, Словения
Тілдер: датский, английский, русский, шведский, дари
Жылы: 2021
Ұзақтығы: 89 минут
«Побег» босқындардың басынан өтетін үйін жоғалту, өзін іздеу сияқты қиындықтарды көрсетеді. Анимация көмегімен жасалған деректі картина қиын хикаяны анонимді баяндаудың жаңа, ерекше әдісін ұсынады. Фильм кейіпкері бала кезінде отбасымен бірге туған жері Ауғанстаннан кетуге мәжбүр болады. Ол ондаған жылдан кейін өз хикаясын бөлісіп, өткеннің жанға жара салар естеліктері қазіргі өміріне кері әсер ете ме деп алаңдайды. «Побег» бүкіләлемдік фестивальдерде көп жүлде алған. Sundance кинофестивалінде премьерасы өтіп, «Ең үздік деректі фильм» номинациясында үлкен қазылар алқасының бас жүлдесін иеленді.
Елеусіз қалғандар
Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан Екібастұз қаласының тұрғындарының өмір естеліктері.
Андер
Бұл оқиға 5 жасар ұл баланың әлемі мен сезімі туралы.
Дина
Дина Нұрдыбай - қытайдың "қайта тәрбиелеу" концлагерінде тұтқында болып келген қазақ қызы. Фильм Динаның қандай жағдайларды бастан кешкенін баяндайды.
Қызғылт шағалалар
"Қызғылт шағалалар" - шөл даланың ортасында, тұз сіңген, қаңырап қалған қалада тұратын Арал теңізінің бес тұрғыны туралы бейнебаян.
Alaqan
"Алақан" әйел тұрмысын баяндап, оны қасиетті рәсім деңгейіне көтереді..
Зағип уқалаушының бір қарапайым күні
Бір қарағанда, Ринат Низаметдинов қарапайым адам. Оның аялаған жанұясы мен сүйікті жұмысы бар. Ринатты өзгелерден ерекшелейтін жалғыз нәрсе - көзі көрмейді.
Рауаж: тірі қалған суретші
Рауаж жарлы үйдің баласы, сондықтан құрдастары сияқты молшылықта өмір сүрмейді. Бірақ оған молшылықтың қажеті жоқ, себебі Руаждың бар байлығы өз бойында.
The Dears
80 жасар америкалық Ари Хәнкок Димаш Құдайбергеннің күміс даусын бірінші рет естігелі бері жалғыздығын артта қалдырды.
Елеусіз қалғандар
Режиссёрі: Виктория Шегай
Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан Екібастұз қаласының тұрғындарының өмір естеліктері. Фильмнің кейіпкерлері – жалғыз басты әжелер – түрлі себептермен қартайған шағында жалғыз қалған үлкен кісілер. Біз олардың бар екенін, олардың жарқын жастық шағы болғанын елемейтін мемлекеттік қызмет алушылар. Ал қолынан келген көмегін аямай жүретін әлеуметтік қызметші ол кісілердің өмірінің бөлігіне айналған.
Андер
Режиссёрі: Алина Мустафина
Бұл оқиға 5 жасар ұл баланың әлемі мен сезімі туралы. Ол астмасына, сирек кездесетін сүт өнімдеріне қатты аллергиясына, бауырларынан бөлек отырып тамақ ішу керектігіне қарамастан, балалық шағында шаттанып жүрген қарапайым бала.
Дина
Режиссёрлер: Ядыкар Ибраимов, Джек Уолф
Дина Нұрдыбай - қытайдың "қайта тәрбиелеу" концлагерінде тұтқында болып келген қазақ қызы. Фильм Динаның қандай жағдайларды бастан кешкенін баяндайды.
Қызғылт шағалалар
Режиссёрі: Ратмир Назиров
"Қызғылт шағалалар" - шөл даланың ортасында, тұз сіңген, қаңырап қалған қалада тұратын Арал теңізінің бес тұрғыны туралы бейнебаян. Фильм 6 жасар Әзиз, 13 жасар Бекзат, 20 Әділет пен 79 жасар Кеңес Сәрсенұлының талап-мақсаты, мұң-қайғысы мен арман-үмітін зерттейді. Бұл қазақ сахарасы тұрғынының психологиялық портретін салуды көздеген ізденіс-фильм.
Alaqan
Режиссёрі: Аида Әділбек
"Алақан" әйел тұрмысын баяндап, оны қасиетті рәсім деңгейіне көтереді.. Фильмнің аты қазақтың "алақан" сөзі мен ала жыланға ұқсайтын, ұмыт болған "ала қан" оюын меңзейді. Автор күннен күнге үй жинау, тамақ пісіру, бақша егу арқылы әлемді емдеп жүрген анасы мен әжесін бейнелейді.
Зағип уқалаушының бір қарапайым күні
Режиссёрі: Ырысбек Адилбекулы
Бір қарағанда, Ринат Низаметдинов қарапайым адам. Оның аялаған жанұясы мен сүйікті жұмысы бар. Ринатты өзгелерден ерекшелейтін жалғыз нәрсе - көзі көрмейді. Жас кезінде дәрігер қатесінің кесірінен зағип болып қалған. Дегенмен, кейіпкеріміз мойымай, қайтпас қайсарлығы мен өмірге деген құштарлығымен айналасына үлгі болып жүреді.
Рауаж: тірі қалған суретші
Режиссёр: Динмухаммед Кулмырза
Рауаж жарлы үйдің баласы, сондықтан құрдастары сияқты молшылықта өмір сүрмейді. Бірақ оған молшылықтың қажеті жоқ, себебі Руаждың бар байлығы өз бойында. Тағдырын өнерден тапқан ол сурет салған кезде ғана жаны бар екенін сезеді.
The Dears
Режиссёр: Меруерт Жакиянова
80 жасар америкалық Ари Хәнкок Димаш Құдайбергеннің күміс даусын бірінші рет естігелі бері жалғыздығын артта қалдырды. Калифорниялық супержанкүйерлермен бірге әлемнің жартысын шарлауға дайындалып, өзін өмірге қайта әкелген Димашқа шабыт сыйлауды армандайды.