фестиваль
тарихы
QaraFest 2020 жылы басталды.
Пандемияға қарамастан, фестиваль өткізіп, алғашқы көрермендерімізбен онлайн қауыштық.

Қазақстанның әртүрлі өңірінде тұратын 2200 адам кейінгі жылдары түсірілген ең үздік 8 фильмді тамашалады.

Бұл картиналардың бас кейіпкерлері соғыс кезінде де шығармашылыққа уақыт тауып, жабайы араның балын жинап, үйленіп, әзілдесіп, толғанып, тәжірибе бөлісіп, әртүрлі әдіспен махаббатын жеткізуді үйренеді.
2020 фильмдер
2021 жылы фестиваль аясында
онлайн және оффлайн көрсетілімдер қатар өтті. Алматы тұрғындары мен қонақтары фильмдерді "Арман" кинотеатрынан тамашалады.

Фестиваль бағдарламасында Чилиден Румынияға дейінгі әртүрлі елде түсірілген 10 деректі картина болды. Бұл туындылар цифрлық технологиялар дәуіріндегі қарым-қатынас, Стамбулдағы үш қаңғыбас иттің хикаясы сияқты әртүрлі тақырыпты қозғады. Фестиваль онлайн және оффлайн жалпы саны 3500 көрермен жинады.
2021 фильмдер
Фестивальдің тағы бір бағыты
Орталық Азиядан шыққан деректі фильм авторларын қолдап, оларға жобасын дамытуға мүмкіндік беру.

2021 жылы осы мақсатта AÝT CentralAsia - Орталық Азия авторлары дайындаған деректі фильм жобаларының питчингі өтті! Питчинг қатысушылары киножобаларын таныстырып, деректі кино саласындағы халықаралық сарапшылардан кеңес алды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен өз жобасын халықаралық питчинг алаңдарда таныстыру мүмкіндігі берілді.
питчинг нәтижелері
2022 жылы QaraFest жаңа бастамамен –
Festiväl dostary мәдени-ағартушылық жобасымен оралды.

Жоба аясында Қазақстанның әртүрлі өңірінен таңдалған 10 азамат онлайн тренингтен өтіп, өз қаласында фестиваль фильмдерінің көрсетілімін ұйымдастырды.

Festiväl dostary жобасының қатысушылары мен еріктілері Қазақстан бойынша 762 көрерменді қамтып, Астана, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Петропавл, Алматы мен Түркістанда көрсетілім өткізді. Осылай QaraFest фильмдері Қазақстанды шарлап шықты!
Festiväl dostary
Фестивальдің үшінші шығарылымы
2023 жылдың жазында Алматыдағы ARTiShock театрының кеңістігінде өтті. Швеция, Нидерланды, Армения, Украина, Польша, Франция, Қырғызстан, Мажарстан, Үндістан, Тәжікстан, Дания, Германия және Финляндия елдерінің 11 көркем фильмін көрсеттік. Негізгі бағдарламадан бөлек, фестиваль тарихында алғаш рет қазақстандық 8 деректі фильмнің басын қосқан «Бiз» қысқаметражды фильмдер байқауын өткіздік. Байқаудың бас жүлдесі 1000 еуроны Ратмир Назировтың «Қызғылт шағалалар» фильмі алды! Ал Ядықар Ибраимов пен Джек Вольфтың «Дина» фильмі қазылар алқасының ерекше бағасына ие болды - Special mention!

Қайта жүздескенше, достар!
Instagram парақшамызға жазылып, жаңалықтарымызды жіберіп алмаңыздар.