KZ
Festival dostary —
Qara Film Festival ұйымдастырған мәдени-білім беру жобасы.

Жоба аясында Қазақстанның әртүрлі өңірінде тұратын қатысушылар тренингтен өтіп, осыған дейін Qara Fest фестивальдерінде көрсетілген деректі фильмдерді өз қаласындағы көрермендер назарына ұсынды.

Онлайн тренинг кезінде қатысушылар кинофестиваль ұйымдастыру процесімен жақынырақ танысып, мәдениет саласындағы жаңа жобаларды жүзеге асыруға шабыт алды. Тренингті мәдени жобалар продюсері Наргиз Шүкенова мен режиссёр Дәурен Қамшыбаев жүргізді.
Астана, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Петропавл, Алматы және Түркістан қалаларында кинокөрсетілімдер өтті.
QaraFest фестивалінің
фильмдерін бүкіл Қазақстанға көрсетуге үлес қосқан қатысушыларымызға алғыс білдіреміз.

Festival Dostary жобасы Goethe-Institut Stabilisation Fund for Culture and Education қолдауымен жүзеге асты.