Орталық Азиядан шыққан деректі туындылар питчингі. Жоба алғаш рет 2021 жылы Qara Film Festival аясында онлайн ұйымдастырылды.
Питчингтің 8 қатысушысы деректі фильмдер бойынша кеңесші
Туэ Стин Мюллердің тренингінен өтті. Ал жеңімпаздар жобасын ары қарай дамытуға қаржылай көмек алды және туындысын ірі халықаралық питчинг платформаларда таныстыру мүмкіндігіне ие болды. AÝT Central Asia онлайн питчингіне Германия, Чехия, Ресей, Литва, Дания, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан, Португалия, Тәжікстан, Түркіменстан сияқты 10 мемлекеттен кино саласында жүрген кәсіби мамандар қатысты.
Питчинг соңында халықаралық DOK Leipzig кинофестивалінің өкілі Ульрике Шмидт Сүйінбике Сүлейменованың
"MÄTIL" жобасын таңдады. Жоба DOK Leipzig аккредитациясын алып, DOK Co-Pro фестивалінде бақылаушы болды.
Халықаралық "Артдокфест" кинофестивалінің президенті, режиссёр Виталий Манский
"Өзен түстері" (реж.: Кристина Михайлова, прод.: Дана Сәбитова) жобасына "Артдокфест" фестивалінің аккредитациясын беріп, Мәскеуге жол шығындарын өтейтін тревел-грант сыйлады. Диана Жілкенованың "Жертөле" жобасы Artdocfest/Riga питчингіне шақырту алып, "Артдокфест" фестивалінің трэвел-грантына ие болды.
Internews өкілдері Алевтина Мадьярова мен Манана Асламазян
"Тәтті сүтті жүгері" (реж.: Айжан Қасымбекова, прод.: Диана Әшімова) фильміне 1000 доллар көлемінде қаржылай жүлде берді.