Капиталистік жүйенің аса түсініксіз тетіктерін тыңғылықты зерттеу. Режиссер Кармен Лозманн соңғы онжылдықтардағы экономиканың қарқынды дамуымен қатар бай мен кедей арасындағы алшақтық неліктен одан сайын ажырап бара жатқанын түсінуге тырысады.
«Қаңғыбастар» фильмі Стамбулдың кезбе көшелерін кезіп жүрген үш иттің көзімен баспанасыз өмір сүрудің қандай болатынын көрсетеді. Зейтин, Назар және Картал атты үш ит әр күнін жейтінге тамақ, жататынға тұрақ іздеумен өткізеді.
Фильмде Грузия жағалауларынан осы елдің бұрынғы премьер-министрінің жеке бақшасына «көшіп» бара жатқан ірі, әдемі ағаштар туралы баяндалады әрі экс басшының жеке бағын безендіру үшін орасан күш пен ресурс кететіні көрсетіледі.
Кәрілік жеткенде екеудің арасындағы қарым-қатынас қалай өзгереді? Режиссер Ану Куйвалайнен өзінің махаббат, кәрілік, жақындасу мен өмірден өту туралы нәзік әрі шынайы фильмінде осы мәселені зерттеп көреді. Егде жастағы бес жұп көрерменге өз өмірін көрсетуге мүмкіндік береді, бізді де күтіп тұрғаны осы емес пе?