Алақай, Qara Film Festival II тәуелсіз кинофестивалі халықаралық байқауға қатысуға өтініш қабылдайды!
Кадр из фильма-открытия Qara Film Festival 2020, «Земля голубая, будто апельсин»
QaraFest толық метражды деректі фильмдер мен көркем фильм элементтері бар деректі картиналарды байқауға қатысуға шақырады.

Біз жарқын кейіпкерлердің өмірін бақылауға, әлеуметтік-саяси бағыттағы таныс тақырыптарды талдауға, жалған сенімдерден арылуға шақыратын, шабыт сыйлайтын фильмдер іздейміз. Байқау бағдарламасына режисердің көркем шешімдері хикаяны одан әрі байытып, оқиға желісіне терең бойлауға мүмкіндік беретін авторлық картиналар кіреді. Фильмнің формасы мен мазмұнына қатысты батыл тәжірибелер күтеміз.

Өтініш беру шарты:

1. Санаты: 2019-2021 жылдары түсірілген деректі және гибридті фильмдер.

2. Фильм 2021 жылы тамызда кинотеатрлардың, телеарналар мен Қазақстан аумағындағы онлайн-сервистердің прокатында болмауы керек.

3. Іріктеуге қатысу үшін фильмге жабық сілтеме жіберіңіз: фильм YouTube, Vimeo және т.б. халықаралық онлайн-платформаларда көрсетілмеуі керек.

5. Жұмысыңыз іріктеуден өткен жағдайда бізге фильмнің DCP және ProRes форматындағы файлдары, қазақ және орыс тілдеріндегі субтитрлері қажет болады.

6. Өтініштер 2021 жылдың 10 маусымына дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына сәттілік тілейміз! Фильмдеріңізді асыға күтеміз.
Серіктестер