«Жақындасу» – цифрлық технология дәуіріндегі заманауи қарым-қатынасты зерттеу туралы фильм.
Жақындасу
Әке болудың қыр-сырын түсіну үшін Андрей білгелі көрмеген әкесін іздеп-тауып, онымен татуласуға бел буады.
Әулие әке
Капиталистік жүйенің аса түсініксіз тетіктерін тыңғылықты зерттеу.
Œкономика
Егде жастағы бес жұп көрерменге өз өмірін көрсетуге мүмкіндік береді, бізді де күтіп тұрғаны осы емес пе?
Әлі де өзіңе ғашықпын
«Қаңғыбастар» фильмі Стамбулдың кезбе көшелерін кезіп жүрген үш иттің көзімен баспанасыз өмір сүрудің қандай болатынын көрсетеді.
Қаңғыбастар
100 жылдық тарихын артқа тастап Қара теңізді кесіп өтіп бара жатқан ағаштардың оқиғасы ойландырмай қоймайтыны анық.
Бағбан
Режиссер Алекс Пукин зорлаудың салдарын сөйлетудің сыпайы тәсілін таба алған: тән мен жанның ауырсынуы, болған жайтты түсінуге және тіршілікті жалғастыруға деген ұмтылыс
Өлместің күні (Өлтірмес)
Орта жастағы 25 жігіт әр сейсенбіде күнделікті тіршіліктен бас алып, әйел, бала-шағасын үйге тастап, бірге рок-әндер айтуға жиналады.
Өзіміздің жігіттер
Чилилік тыңшы 8З жастағы Серхионы қарттар үйіне шпион болуы үшін жұмысқа алады
Құпия агент
Айви, Карен мен Кристина үшеуі бір күні бәрін тастап, еркіндікті сезініп әрі өздерін сынап көрмек ниетте сапарға аттанады. Жүк пойызымен АҚШ шекарасын кесіп өтеді.
Мен мінген пойыз
Жақындасу
Режиссері: Лина Маннеймер
Елі: Швеция
Тілі: швед, ағылшын
Жылы: 2019
Ұзақтығы: 93 минут
Режиссер танысуға арналған қосымша арқылы жаңа фильмге кейіпкер іздейтінін хабарлайды. Стокгольмда тұратын екі жас өздерінің онлайн қарым-қатынасы кезіндегі қызықтарымен бөлісуге келіседі. Наоми өзінің түсірілімге арналған веб-камерасын қоса алмағандықтан, Эдвин оған көмекке келеді және бұл жаңа қарым-қатынастың бастамасы болады. «Жақындасу» – цифрлық технология дәуіріндегі заманауи қарым-қатынасты зерттеу туралы фильм.
Әулие әке
Режиссёрі: Андрей Даскалеску
Елі: Румыния
Тілі: румын, ағылшын, итальян тілдері
Жылы: 2020
Ұзақтығы: 85 минут
Андрей есімді режиссер мен оның құрбысы Паула екеуі алғаш рет ата-ана атанбақ. Андрейдің өзі әкесіз өседі. Әке болудың қыр-сырын түсіну үшін ес білгелі көрмеген әкесін іздеп-тауып, онымен татуласуға бел буады. Бүгінде Афонда монах боп жүрген әкесінен отбасын тастап кетуінің себебін сұрап-білуге, түсінуге тырысады. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынас қалай өрбімек?
Œкономика
Режиссері: Кармен Лозманн
Елі: Германия
Тілі: неміс, ағылшын тілдері
Жылы: 2020
Ұзақтығы: 89 минут
Капиталистік жүйенің аса түсініксіз тетіктерін тыңғылықты зерттеу. Режиссер Кармен Лозманн соңғы онжылдықтардағы экономиканың қарқынды дамуымен қатар бай мен кедей арасындағы алшақтық неліктен одан сайын ажырап бара жатқанын түсінуге тырысады. Осы күрделі сауалдың жауабын табу мақсатында қаржы секторының жетекші өкілдеріне жүгінеді. Олардың жауабы қандай?
Әлі де өзіңе ғашықпын
Режиссер: Ану Куйвалайнен
Елі: Финляндия
Тілі: фин тілі
Жылы: 2020
Ұзақтығы: 70 минут
Кәрілік жеткенде екеудің арасындағы қарым-қатынас қалай өзгереді? Режиссер Ану Куйвалайнен өзінің махаббат, кәрілік, жақындасу мен өмірден өту туралы нәзік әрі шынайы фильмінде осы мәселені зерттеп көреді. Егде жастағы бес жұп көрерменге өз өмірін көрсетуге мүмкіндік береді, бізді де күтіп тұрғаны осы емес пе?
Қаңғыбастар
Режиссері: Элизабет Ло
Елі: Түркия, АҚШ, Гонгконг
Тілі: түрік тілі
Жылы: 2020
Ұзақтығы: 72 минуты
«Қаңғыбастар» фильмі Стамбулдың кезбе көшелерін кезіп жүрген үш иттің көзімен баспанасыз өмір сүрудің қандай болатынын көрсетеді. Зейтин, Назар және Картал атты үш ит әр күнін жейтінге тамақ, жататынға тұрақ іздеумен өткізеді. Қызыққа құмар иттер қараусыз қалған үйлер мен шулы көшелерді кезіп, бұрыш-бұрышты тінтуден шаршамайды, сол арқылы автор түрік қоғамының көлеңкеде қалған өмірін көрсеткісі келгендей.
Бағбан
Режиссері: Саломе Джаши
Елі: Грузия, Швейцария, Германия
Тілі: грузин тілі
Жылы: 2021
Ұзақтығы: 86 минут
Фильмде Грузия жағалауларынан осы елдің бұрынғы премьер-министрінің жеке бақшасына «көшіп» бара жатқан ірі, әдемі ағаштар туралы баяндалады әрі экс басшының жеке бағын безендіру үшін орасан күш пен ресурс кететіні көрсетіледі. 100 жылдық тарихын артқа тастап Қара теңізді кесіп өтіп бара жатқан ағаштардың оқиғасы ойландырмай қоймайтыны анық.

Фильм премьерасы 2021 жылы Sundance Film Festival халықаралық кинофестивалінде көрсетілді.
Өлместің күні (Өлтірмес)
Режиссері: Алекс Пукин
Елі: Бельгия, Франция
Тілі: француз
Жылы: 2019
Ұзақтығы: 85 минут
Аде 19 жаста. Бәрі көзді ашып-жұмғанша болады. Ол жігіт – Аденің жақын танысы, сондықтан ол қарсылық танытпайды. Аденің әңгімесі фильмнің негізгі өзегі және оның оқиғасын баяндап отырған актер мен актрисалардың ұқсас тәжірибелерімен үндеседі. Режиссер Алекс Пукин зорлаудың салдарын сөйлетудің сыпайы тәсілін таба алған: тән мен жанның ауырсынуы, болған жайтты түсінуге және тіршілікті жалғастыруға деген ұмтылыс.

Бұл – ақылға сыймайтын, қиын да күрделі, әйтсе де, үнемі ұшыраса беретін оқиға.
Өзіміздің жігіттер
Режиссері: Джо Вемюнд Свендсен, Петтер Соммер
Елі: Норвегия
Тілі: норвег, ағылшын тілдері
Жылы: 2018
Ұзақтығы: 74 минуты
Орта жастағы 25 жігіт әр сейсенбіде күнделікті тіршіліктен бас алып, әйел, бала-шағасын үйге тастап, бірге рок-әндер айтуға жиналады. Достық, бауырмалдық, музыкаға деген махаббат және өмірдің құндылықтары туралы фильм.
Құпия агент
Режиссері: Майте Алберди
Елі: Чиле, Нидерланды, Испания, Германия, АҚШ
Тілі: испан тілі
Жылы: 2020
Ұзақтығы: 84 минуты
Чилилік тыңшы 8З жастағы Серхионы қарттар үйіне шпион болуы үшін жұмысқа алады, өйткені қарттар үйіндегі анасына ондағы қызметкерлер зорлық-зомбылық көрсетеді деген күмәні бар. Таза, әділ әрі әзіл-шыны аралас, шытырманға толы бұл фильм өмірдің ғажайыптарын тану ешуақытта кеш емес екенін түсіндіргісі келетіндей.

Бұл картина «Оскар-2021» премиясының «Үздік деректі фильм» категориясына ұсынылған.
Мен мінген пойыз
Режиссёрі: Арно Битши
Елі: Франция, Финляндия
Тілі: ағылшын тілі
Жылы: 2019
Ұзақтығы: 77 минут
Айви, Карен мен Кристина үшеуі бір күні бәрін тастап, еркіндікті сезініп әрі өздерін сынап көрмек ниетте сапарға аттанады. Жүк пойызымен АҚШ шекарасын кесіп өтеді. Фильм режиссері әр кейіпкерге сапарлас болады. Теміржол үстінде сапарлас әйелдердің ішкі мәселелері өзара үйлесетіндей көрінеді: өмір сүруге ұмтылыс, рухани ізденіс және қоғамдық шектеулерге деген қарсылық.