Qara Film Festival-інің алғашқы көрермендері!
Сіздерді фестиваль аясында көрсетілетін фильмдермен таныстыруға асықпыз!
Фильм кейіпкерлері – дәл қазір әлемнің әртүрлі бөлігінде өмір сүріп жатқан адамдар. Олар бізден алыс елдерде тұратынына қарамастан, әрқайсымызға сондай жақын. Олардың хикаясы - біздің өміріміздің айнасы сияқты. Олар да өмірдегі маңызды сұрақтарға жауап іздейді, сүрінеді, қатесінен сабақ алады, армандайды, қорқады, жақсы көреді және өмір сүреді.
Олар бізді көруге, сезінуге, шындықты іздеуге, жаңа дүниелермен танысуға шақырады. Қоғамда ашық талқыланбайтын тақырыптарға басқаша қарауға, әр теріс пікірдің артында тірі адам тұрғанын түсінуге, экрандағы образдар шынайы қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін байқауға көмектеседі. Жаңа дүниелерге ашық болуға үндейді.
Біз сіздермен сәуір айында кинотеатрда кездескіміз келген. Бірақ карантин басталып, бізге жаңа жағдайға бейімделуге тура келді. Сондықтан осы жолы фестиваль онлайн өтеді. Мүмкіндік туғанда сіздермен кинотеатрда қайта қауышуға ниеттіміз.
Сіздерге фильмдердің көрсетілімі ұнайды деп үміттенеміз!
- Qara Film Festival командасы